Атырау, 25 қараша 20:45
 ашықВ Атырау -4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Былтыр экология департаменті 48 млрд теңгеге айыппұл салды

687 просмотра

Атырау облысы бойынша экология департаментінің мемлекеттік экологиялық бақылау саласымен былтыр 33 жоспардан тыс тексеріс жүргізілген. Тексеріс қорытындысымен экологиялық заңнама талаптарының 44 бұзушылығы анықталып, оны жою туралы 27 нұсқама берілген. Анықталған заң бұзушылықтарға қатысты 151 әкімшілік іс қозғалып, 48 миллиардтан астам теңге көлемінде әкімшілік айыпұл салынған. Бұл туралы Атырау облысы бойынша экология департаментінің басшысы Әлібек Бекмұхаметов пен департамент басшысының орынбасары, Бас мемлекеттік экологиялық инспектор Сырым Тлегенов баспасөз брифингінде мәлім етті, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Сондай-ақ эколог мамандар жиын барысында департаментпен жүргізілген кейбір ірі тексерістерге тоқталып өтті.

- Өткен жылы «Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС-не қатысты 6 жоспардан тыс тексеріс жүргізілген болатын. Тексерулер кезінде алау қондырғысында газдарды жағу кезінде белгіленген нормативте көрсетілмеген эмиссия жүзеге асырғандығы үшін, ҚР ӘҚБтК-нің 328-бабының 3-бөлігімен хаттамалар жасақталды. Сәйкесінше сот қаулыларымен «АМӨЗ» ЖШС-не эмиссияның тиісті көзін немесе өндірістік учаскені пайдалану туралы экологиялық рұқсатты тоқтатпай, шамамен 17 млн теңге көлемінде айыппұлдар салынып, толықтай өндірілді, - деді Ә.Бекмұхаметов.

Сондай-ақ өнеркәсіптік шығарындылардың сынамаларын алу үшін арнайы орындармен жабдықталмауы, эмиссиялардың автоматтандырылған мониторингі жүйесі енгізілмеуі және қалдықтарды басқару талаптарының бұзылуы түріндегі фактілер анықталып, нәтижесінде ӘҚБтК-нің 344 және 325-баптарымен жалпы көлемі 862 500 теңгеге айыппұл салынып, өндірілген.

- Сонымен қатар «Karabatan Utility Solutions» ЖШС-не қатысты 4 жоспардан тыс тексеріс жүргізілді. Тексерулер кезінде қондырғыға алынған квота нормасын асыру, жерді бүлдіру және берілген нұсқаманы орындамау түріндегі бұзушылықтар анықталды. Кейін ӘҚБтК-нің 329 және 462-бабымен хаттамалар жасақталып, қарау үшін сотқа жолданды. Сот шешімімен «KUS» ЖШС-не 7 млрд теңге көлемінде айыппұл салынып, өндірілді, - деді С.Тлегенов.

Аталған мекемелерден бөлек, департаментпен «Теңізшевройл» ЖШС-не, «Kazakhstan Petrochemical Industries INC.» ЖШС-не, «China National Chemical Engineering Co. LTD» атты KPI компаниясының мердігеріне, оған қоса «Жылыой Су» МКК-на және «Oxygenator» ЖШС-не, сондай-ақ «Қамқор Локомотив» ЖШС-гі мен «Жылыой Болашақ» ЖШС-не де жоспардан тыс тексеру жұмыстары жүргізілген. Тексерулер нәтижесі бойынша шамамен 39 млрд 1 млн 231 мың теңге көлемінде айыппұлдар салынған.

25 қаңтар, 09:14

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.