Осы түні ешкім "Юнион" командасының футболшысы болғысы келмес, өйткені оларды әлемнің ең қауіпті командалардың бірі — ашу-ызаға булыққан "Баварияға" қарсы қонақ алаңындағы матч күтіп тұр. Демалыс күндері мюнхендіктер өз ойын алаңында "Вердерге" жол беріп, жеңіліс тапты, енді 13-ші турдың кейінге қалдырылған матчында берлиндіктерден кек алуға бел буады.
"Бавария"
Мюнхендіктер Германияда көшбасшылықтан айырылып, чемпиондық атағын керемет "Байер" қанжығасына байлап әкетуі мүмкін. Әсіресе, егер олар өткен турдағыдай ұпайын жоғалтатын болса. Олар бұл қателіктердің бағасын түсініп отыр, сондықтан Томас Тухельдің "Унионына" қарсы матчқа барынша жинақталып шығуы тиіс. Алайда, олар шайқасқа бірқатар ойыншыларсыз шығуына тура келеді: Гнабри, Бухман, Марушич, Сер және Перец жарақаттанған, ал Ким Мин Чже мен Нуссаир Мазрауи өз құрамаларына қайтып кеткен.
"Баварияның" соңғы 5 матчы
Бавария - Вердер 0:1
Бавария - Хоффенхайм 3:0
Базель - Бавария 1:1
Вольфсбург - Бавария 1:2
Бавария - Штутгарт 3:0
"Унион"
Былтырғы бас айналдыратын керемет маусымнан кейін "Унион" жанкүйерлері бүгінгі таңда сол сезімдердің қарама-қайшылығын толығымен сезінуде - олардың сүйікті командасы ұшып кету аймағынан небәрі үш ұпай қашықтықта. Оған қоса, алда Германияның ең қиын саяхаттарының бірі күтілуде. Аисса Ладони, Рани Хедира және Йосип Аронович жарақатына байланысты бұл қиын сапарды өткізіп жіберетін болады.
"Унионның" соңғы 5 матчы
Фрайбург - Унион 0:0
Унион - Арминия 2:0
Унион - Кёльн 2:0
Бохум - Унион 3:0
Унион - Реал 2:3
Жеке кездесулер тарихы
Бұл бірінші айналымдағы кейінге қалтырылған матч болғандықтан, командалар осы маусымда бірінші рет бас түйістіретін болады. Мюнхенге соңғы 2 сапар "Унион" үшін қайғылы аяқталған еді -3: 0 және 4: 0. Дегенмен, берлиндіктер "Баварияның" ойын алаңында ұпайын тартып ала алған, бірақ ол 2021 жылы болған еді - 1:1. Сол кезден бері ол жағдай қайталанбады. "Унион" "Баварияны" жеңіп көрген емес.
Мачтқа болжам
"Унионның" жағдайы мәз емес. "Бавария" өткен турда орын алған қателігі үшін, осы жолы жолына түскеннің барлығының тас талқанын шығаратыны анық. Қонақтардың қақпасына кем дегенде 3 доп салынады деген ойдамын. Сондықтан мен Parimatch-тағы серіктестерімнің "Баварияның" жеке тоталы 2,5 -тен жоғары нұсқасына ұсынған 1.70 коэффициентіне назар аударуларыңызға кеңес берер едім.