Атырау, 23 қараша 05:28
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

АҚШ халқының коммуналдық қызметтер үшін 20,3 миллиард доллар қарызы бар

479 просмотра
Ащық дереккөзден алынған сурет

АҚШ-та халықтың коммуналдық қарыздары бойынша антирекорд орнатылды. Тұрғындар коммуналдық қызметкерлерге шамамен 20,3 миллиард доллар қарыз. Негізінен, бұл – жылу мен электр энергиясына арналған төлемдер. Бұл туралы inbusiness.kz сайты Bloomberg агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

АҚШ-та әрбір алтыншы үй иесінің коммуналдық қарызы бар. Бұл туралы 23 қаңтарда жарияланған Ұлттық энергетикалық көмек директорлары қауымдастығының есебінде айтылған.

Бұған дейін, АҚШ-тағы пандемия кезінде қарыз болған жағдайда коммуналдық қызметтерді өшіруге мораторий жарияланған болатын. Ол кедейлерге жақсы қолдау болды.

Айта кету керек, пандемия жойылған кезде елде мораторий алынып тасталған болатын. Алайда, халықтың табысы бұдан былай өспеді.

24 қаңтар, 14:24

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.