Атырау, 25 қараша 20:15
 ашықВ Атырау -4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

2023 жылы Атырау облысының тұрғындары 725 құйма алтын сатып алған

667 просмотра
фото LSM.kz 

2023 жылы екінші деңгейлі банктер мен жекелеген банктік емес айырбастау пунктерінде жалпы салмағы 1,6 тонна болатын 38 729 алтын құйма сатылды, деп хабарлайды Ұлттық банктің баспасөз қызметі.

Халыққа тазартылған алтын құймаларды сату және сатып алу бағдарламасын (бұдан әрі – Бағдарлама) Ұлттық Банк 2017 жылы іске қосқан болатын. Содан бері жалпы салмағы 5,4 тоннаға жуық 151 574 алтын құйма сатылды.

Алтын құймалар бес түрлі салмақта ұсынылады: 5, 10, 20, 50 және 100 г. 2021 жылы сатып алушылар арасында ең көп сұранысқа ие болған түрі – 100 грамдық құйма болды. Сатылған құймалар арасындағы оның үлесі – 28%, яғни, 10 910 дана. Одан кейін 5 грамдық  құйма сұранысқа ие, 9 795 дана (25%) сатылды. 10 грамдық құймадан 9 409 дана (24%), 50 грамдық құймадан 4 818 дана (13%), 20 грамдық құймадан 3 797 дана (10%) сатылды. Алтын құймалар Алматы, Астана және Шымкент қалаларында көп сатылады.

Алтын құймалар сенімді инвестиция құралы бола алады. Алтын құймалар нарығындағы өтімділіктің басты кепілі – банк пен банктік емес айырбастау пунктері клиентке сол мезетте төлей отырып, алтын құймаларды кері сатып ала алады.

Бағдарлама  басталғалы екінші деңгейлі банктер мен жекелеген банктік емес айырбастау пунктері жалпы салмағы 737 келі 28 156 алтын құйманы кері сатып алды. Бұл – жалпы сатылған құймалардың 19%-ы. Олар кері сатып алған алтын құймалардың барлығы дерлік Ұлттық Банктің филиалдары арқылы халыққа қайтарымсыз талаппен сатылады.

Әрбір құйма қорғау элементтерімен қапталған (құйманың айна беті, микротекст және жиегі бар) және арнайы қорапқа салынып шығады. Сол арқылы құйманың ашылған-ашылмағанын оңай тексеруге болады. Қорғап тұратын қорап, сондай-ақ сапа сертификаты болып саналады. Сондықтан, алтын құйманы ұқыпты сақтап, қорабын бүлдірмеуге кеңес беріледі.

Қазір алтын құймаларды Halyk Bank, Еуразиялық Банк, Jusan Bank, ЦентрКредит Банкі, сондай-ақ жекелеген банктік емес айырбастау пунктерінен сатып алып, кері сатуға болады.

24 қаңтар, 13:15

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.