Атырау, 11 қазан 07:49
 дождьВ Атырау +11.2
$ 453.93
€ 508.72
₽ 5.35

Атырауда интернет-трафик алмасу нүктесі ашылды

786 рет қаралды

«Мемлекеттік техникалық қызмет» АҚ Қазақстанда интернет-трафик алмасу нүктелерінің желісін кеңейтуді жалғастыруда, деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметі.

Енді трафик алмасу нүктелері Ақтөбе, Атырау, Ақтау, Қызылорда, Семей, Орал және Шымкент қалаларында жұмыс істейді.

2024 жылы еліміздің 7 жаңа өңіріне нүктелерді орналастыру жоспарлануда, бұл:

  • максималды байланыстылығын қамтиды: Қазақстанның әрбір аймағында анағұрлым сапалы қосылу қамтамасыз етіледі;
  • мемлекеттік қолдау: тиімді басқару және шығындарды азайту үшін мемлекеттік органдар трафикті айырбастау нүктелеріне қосылады;
  • қолжетімділікті арттыру: маршруттар қысқартылады және ішкі интернет ресурстарының қолжетімділігі артады.

Еске салсақ, бұған дейін трафик айырбастау нүктелері Астана, Алматы, Қарағанды және Павлодар қалаларында қосылған болатын.

Дайындаған Жомарт ӘМІРХАНОВ

24 қаңтар 2024, 13:01

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.