Атырау, 10 қазан 16:42
 бұлттыВ Атырау +15
$ 489.06
€ 536.21
₽ 5.05

Жүргізушіні тек «ұрлағаны» үшін айыптады

2 945 просмотра

Ақыры адам ұрлауға ұласқан жол-көлік оқиғасына үкім шығарылғаннан кейін «АЖ» газетіне жол апатынан зардап шеккен және із-түссіз жоғалған әйелдің қызы хабарласқан болатын. 

Алқа билер сотының 2010 жылдың 16-шы ақпанында өз машинасымен Светлана СҮГІРОВАНЫ қаққан Юрий ФЕДОТОВТЫ оның жоғалуына  кінәлі деп танығаны естеріңізде болар. Тергеу болжамдары бойынша, ол әйелдің денесін Жылу электр орталығы ауданына әкетіп, жасырған. Ол әйел күні бүгінге дейін хабар-ошарсыз кеткендер қатарында. Оның қызы Әлия СҮГІРОВА полицияның іздестіру жұмысында енжарлық танытып отырғандығына сенімді.

«Ол сотталғанымен, бізге жеңіл болған жоқ, біз анамыздан айырылдық, - дейді ол. - Құқық қорғау органдары оны неге іздестірмейді? Егер олар мойындата алмайтын болса, онда бізге сонымен келісу керек пе? Және жол полициясы қызметкерінің Федотовты ұстап, одан кейін біздің анамызды ауруханаға алып бара жатқан-мыс адам ретінде кейін жіберіп қойған әрекеті үшін оны тек жұмыстан шығарып қоймай, барынша қатаң жаза белгіленуі тиіс еді. Бәлкім, содан кейін автоинспекторлар өз міндеттеріне жауапкершілікпен қарайтын болар. Теледидарлардан құқық қорғау органдары қызметкрелерінің ең қиын деген қылмыстардың бетін ашып жатқандығы туралы көрсетіп жатады, алайда, бұл Атырау облысының нақты өмірінде емес, тек экранда ғана. Біз іздестіру үшін барлық күштерді жұмылдыруды талап етеміз».  

Лев ГУЗИКОВ

30 наурыз 2011, 21:57

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.