Атырау облысы аумағында 22-25 қаңтар аралығында «Автобус» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.
Іс-шара барысында жол қозғалысы ережесін өрескел бұзушылықтардың оның ішінде, мас күйде көлік басқару, басып озу, жолдың қарсы бағытына шығу, маневр жасау, жолаушылар мен жүктерді тасымалдау қағидаларын бұзудың алдын-алу бағытында қызмет атқарылды. Республикалық және облыстық маңызы бар тасжолдарда жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында полиция департаменті жанындағы патрульдік полиция ротасы мен облыстағы көліктік бақылау инспекциясы қызметкерлері және мемлекеттік кірістер департаменті бірлесіп, жүргізушілерге түсіндірме жұмыстарын жүргізуде. Рейд барысында қызметкерлер басты назарда тұрғындарды тасымалдайтын автобустардың техникалық жағдайларын жіті тексеріп, жүргізушілердің жол ережесін сақтауын қадағалады.
«Автобус» іс-шарасының бір күнінде 121 құқық бұзушылық анықталды. Оның ішінде:
- автомобиль көлігімен жолаушыларды және багажды тасымалдау қағидаларын бұзу - 6;
- тиiстi рұқсатсыз қайта жабдықталған көлiк құралын басқару - 5;
- мемлекеттiк немесе мiндеттi техникалық қарап-тексеруден өтпеген көлiк құралын басқару - 18;
- көлiк құралын басқару кезiнде жүргiзушiнiң телефонды не радиостанцияны пайдалануы - 10;
- маневр жасау қағидаларын бұзу - 19.
- ҚР міндетті сақтандыру туралы заңнамалық актісіне сәйкес міндетті сақтандыру шартын жасасуға міндетті тұлғаның міндетті сақтандыру шартын жасаспауы – 15.
Сондай-ақ, іс-шара кезінде 7 автокөлік айыппұл тұрағына қойылып, 5 автокөліктің мемлекеттік белгісі түсірілді.
Дайындаған Жомарт ӘМІРХАНОВ