Атырау, 11 наурыз 10:04
 ашықВ Атырау +7
$ 494.84
€ 537.40
₽ 5.58

Израиль-Палестина қақтығысы ушыққалы бері БҰҰ-ның 153 қызметкері қаза тапқан

471 просмотра

Израильдің Газа секторына жасаған соққыларынан БҰҰ-ның 150-ден астам қызметкері қаза тапты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Бұл туралы БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіндегі ашық пікірталас барысында әлемдік ұйымның бас хатшысы Антониу Гутерриш мәлім етті.

«Біздің 153 әріптесіміз қайтыс болды», - деді ол.

Гутерриш БҰҰ қызметкерлерінің жұмысы Палестина халқын медициналық қызметтермен және тауарлармен қамтамасыз ету, «әлі жұмыс істеп тұрған аз ғана наубайханалар» жұмысын қолдау және қорғаныс баспаналарға азық-түлік жеткізу екенін айтты.

Ол сонымен қатар қақтығысқа қатысушы барлық тарапты Газа секторына қатысты БҰҰ-ның қайта құру және гуманитарлық мәселелер бойынша аға үйлестірушісі Сигрид Кагпен ынтымақтаса жұмыс істеуге шақырды. Газа бойынша үйлестірушіні тағайындау БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің 2023 жылы желтоқсанда қабылданған 2720 қарары талаптарының бірі саналады. Каг өз қызметін 8 қаңтарда бастады.

24 қаңтар 2024, 09:52

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.