Атырау, 19 қараша 14:27
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 497.89
€ 525.12
₽ 5.00

«ҚазМұнайГаз» бен КПО ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқылады

548 просмотра

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма Төрағасы Мағзұм Мырзағалиев «Karachaganak Petroleum Operating B.V.» бас директоры Джанкарло Руюмен кездесті, деп хабарлайды КМГ баспасөз қызметі. 

Кездесу барысында КПО-ның жаңа бас директоры Марко Марсили таныстырылды, ол бұл қызметке 2024 жылдың наурызында кіріседі деп күтілуде. Ал Дж. Рую өз кезегінде «North Caspian Operating Company» басқарушы директоры қызметіне тағайындалады.

Кездесуде тараптар Қарашығанақ кен орнында жылына 4,5 млрд м3 шикі газ өңдеуге қауқарлы зауыт салу жобасының мәртебесін талқылады.

Батыс Еуропада қазақстандық көмірсутектерге деген сұраныстың артуына байланысты Қарашығанақта өндірілетін мұнайды экспорттау тақырыбы қозғалды. Былтыр алғаш рет Қарашығанақтан 1 млн тоннаға жуық мұнай Германияға «ҚазТрансОйл» және «Транснефть» тасымалдау жүйелері арқылы жеткізілді. Осыған байланысты тараптар Германияға қосымша мұнай көлемін тасымалдау мүмкіндіктерін, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасына сай басқа да балама бағыттарды талқылады.

Сонымен қатар, кездесуде отандық өндірушілердің қызметтерін арттыру, технология алмасу, КПО басшылық құрамы мен маңызды қызметтерде отандық мамандардың үлесін көбейту секілді мәселелер қозғалды.

«Компаниялар арасындағы өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі нығайтуды қолдайтын КПО-дағы серіктестерімізге алғыс айтамыз», - деп атап өтті М.Мырзағалиев.

24 қаңтар, 09:49

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.