Атырау, 23 қараша 04:56
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Хуситтер АҚШ-тың әскери кемелерін зымыранмен атқанын мәлімдеді

453 просмотра

Йемен хуситтерінің "Аңсар Аллах" тобы АҚШ-тың Аден шығанағындағы әскери Ocean Jazz жүк кемесін зымыранмен атқанын мәлімдеді. Мұны Азаттық радиосы Reuters-ке сілтеме жасап хабарлады.

"Йемен қарулы күштері Қызыл теңіз бен Араб теңізіндегі қауіпті ошақтардың бәріне соққы жасай отырып, елімізге қарсы Америка мен Британияның кез келген агрессиясына жауапты жалғастырып жатыр", — дейді хуситтер өкілі Яхья Сари.

Келтірілген зақым мен жараланғандар жөнінде мәлімет жоқ.

АҚШ-тың әскери теңіз күштерінің орталық қолбасшылығы хуситтердің бұл ақпаратын теріске шығарған.

Желтоқсан айында хуситтер Қызыл теңіздегі халықаралық кемелерді жиі атқылай бастаған еді. Ол кезде "Аңсар Аллах" АҚШ пен Еуропа одағы террор ұйым санатына қосқан ХАМАС тобын қолдап, Израильге қарсы соғықа кірісетінін жариялаған.

Кейінгі күндері Қызыл теңізде атыс жиілеген. Оның ішінде Израильге қатысы жоқ кемелер де атқыланған.

Бұған дейін Reuters хуситтер Қызыл теңіздегі кемелерге Иранның Ислам сақшылары корпусы мен Ливанның "Хезболла" тобының бұйрығымен шабуыл жасап отыр дейтін ақпарат таратқан.

23 қаңтар, 16:45

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.