Атырау, 6 мамыр 10:07
 ашықВ Атырау +20
$ 441.66
€ 475.14
₽ 4.86

Америкада табылған Қожа Ахмет Яссауи қолжазбасының көшірмесі жарыққа шықты

390 просмотра

Қазақстанның Ұлттық қолжазбалар және сирек кітаптар орталығының мамандары Америкада табылған ұлы ойшыл, ғалым Қожа Ахмет Яссауи еңбегінің көшірмесін басып шығарды. Бұл туралы inbusiness.kz сайты хабарлайды.

Айта кету керек, "Рисала Мират әл Кулуб" кітабының түпнұсқасы ХІІ ғасырда араб графикасымен түркі тілінде жазылған.

Сонымен қатар, шығарма әділдік, адалдық және ізгілік сияқты гуманистік құндылықтарды сипаттайды. Қазір, сарапшылар Вашингтондағы АҚШ Конгресінің кітапханасынан табылған 18 ғасырдағы қолжазба көшірмесінің бұрыннан бар түпнұсқаның ерекшелігін зерттеп жатыр.

"Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығы қорына Қазақстан тарихына қатысты жазба мұраларды жинақтау барысында мұраларды іздеп табудың әртүрлі жолдарын қолдануда. Соның бірі – көне қолжазбалар мен сирек кітаптардың, карталардың электронды нұсқаларын интернет жүйесінен іздестіру жұмыстары. Қазақстан тарихына қатысты өте маңызды деген бағалы жазба деректердің көшірмелері шетелдік сайттардан анықталып, факсимильді көшірмелері жасалады", – деп түсіндірді Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығының бас сарапшысы Алмат Абсалықов.

Сондай-ақ, кітапты түптеу жұмыстары 3 аптаға созылды. Факсимильді көшірменің жекелеген беттері блок түрінде тігілген. Мұқабаға 3 мм картон қағазы мен ашық қоңыр түсті былғары қолданылған.

Қолжазбаның ХІІ ғасырдағы түпнұсқасы ҚР Ұлттық кітапханасында сақталған.


23 қаңтар, 14:16

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.