Атырау, 25 қараша 20:30
 ашықВ Атырау -4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

«Batys Trans Group» ЖШС монополияға қарсы заңнаманы бұзғаны үшін айыппұл төледі

683 просмотра

ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменті (әрі қарай - Департамент) Атырау көлік прокуратурасымен (әрі қарай -Прокуратура) бірлесіп «Batys Trans Group» ЖШС тексеріс жүргізді. Аталмыш тексерістің аясында «Batys Trans Group» ЖШС-нің әрекеттерінде монополиялық жоғары бағаларды белгілеуде, ұстап тұру және мәні бірдей келісімдерге әртүрлі бағаларды мен шарттарды қолдану, яғни монополиялық жағдайды теріс пайдалану арқылы  бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзу фактісі анықталды, деп хабарлайды ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің баспасөз қызметі.

Прокуратура ұсынысы негізінде Департамент «Batys Trans Group» ЖШС-не қатысты Қазақстан Республикасы «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 159-бабының 3-бөлігі және 3-1-бөлігі бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғады.

Істі қарау қорытындысы бойынша Атырау қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотының қаулысымен «Batys Trans Group» ЖШС-не әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін 52 млн. теңгеден астам сомадағы монополистік қызметті жүзеге асыру нәтижесінде алынған монополисттік кірісін тәркілеумен 23 млн. теңгеден астам сомада әкімшілік айыппұл сала отырып әкімшілік жауапкершілікке тартылып, бүгінгі күні мемлекет пайдасына толық көлемде өндірілді.

23 қаңтар, 14:12

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.