Атырау, 23 желтоқсан 04:43
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

Атыраулық кәсіпкерлер бағаны 15 пайызға өсірген

732 рет қаралды

Атырауда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасын негізсіз өсірген 12 кәсіпкерлік нысан анықталды. Бұл туралы кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы хабарлады. 

Облыс әкімінің орынбасары Марат МУРЗИЕВТІҢ төрағалығымен сауда-саттық қатынастағы делдалдық схемаларды тексеру жөніндегі комиссия отырысы өтті. Талдау нәтижесінде белгілі болғандай, кәсіпкерлер тауарды шектік бағадан 15 пайызға асырып сатқан. Қазір жауапты департамент өкілдеріне тиісті шара қабылдауға тапсырма берілді. 

Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

23 қаңтар 2024, 12:58

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.