22 қаңтарда №2 Атырау қалалық сотының шешімімен Макс Боқайға әкімшілік қадағалау мерзімі тағы 6 айға ұзартылды. Естеріңізге сала кетсек, әкімшілік қадағалаудың бұрынғы мерзімі наурыз айында аяқталуы тиіс еді.
Сот шешіміне сәйкес М.Боқайға қаладан шығуға, кешкі сағат оннан таңғы алтыға дейін көшеге шығуға, қоғамдық орындарда қоғамдық-саяси мәселелерді талқылап, өз пікірін білдіруге тыйым салынды.
Айнұр САПАРОВА