Атырау, 25 қараша 22:33
 ашықВ Атырау -2
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Мектепке апаратын жол өте қауіпті

553 просмотра

«Мақат ауданы Ескене елді мекенінің оқушылары Доссор кентіндегі мектеп-интернатына жету үшін трассадан көлік ұстап қатынауға мәжбүр. Кейін үйге оралғанда да солай келеді. Қазір екі ортада оқушыларды тасымалдайтын бірде-бір автобус жоқ екені анық. 

Атырау облысы әкімдігінің телеграм-чатында осы жағдайды баяндаған ата-аналар балалардың қауіпсіздігіне қатты алаңдап отыр. Себебі аяздан бөлек басқа да қауіп-қатер болуы ғажап емес.   

Мақат аудандық білім беру бөлімінің мәліметінше, Мақат ауданы, С.Шарипов атындағы Доссор мектеп-интернатынан Ескене елді мекеніне 13 балаға тасымал ұйымдастырылған. Оқушылар бұрын "ПАЗ 32053" маркалы автобуспен тасымалданып келді. Қазір автобус бұзылып, жөнделіп жатыр. 

Мақат ауданы білім бөлімінің басшысы А. Долдашев:

- 2023 жылы Атырау облысы әкімі Серік Жамбылұлының қолдауымен С.Шарипов атындағы Доссор мектеп-интернатына "Golden dragon" маркалы 36 орындық автобусы берілді. Алайда аталған автобус Ескене елді мекенінің оқушы санына және жол сапасына (асты төмен болуына байланысты жолсыз жермен жүру және айналу мүмкін емес) қолайлы болмағандықтан қазіргі таңда Мақат кентіндегі Х.Санбаев атындағы орта мектебіне беріліп, Мақат кентіндегі М.Баймұханов, Х.Санбаев және Л.Шахатов атындағы орта мектептерінің оқушыларын тасымалдайды. 2024 жылға оқушы тасымалына бюджет есебінен және демеушілікпен автобустар алу жоспарда бар. ПАЗ автобусы жөнделгеннен кейін Ескене оқушыларын қайта тасымалдайды.  

Еске салсақ, былтыр қыркүйек айында Атырау облысына балалар тасымалдауға арналған 15 жаңа автобус сатып алынып, біреуі Доссор кентіндегі С.Шарипов мектеп-интернатына берілгенін жазған едік.

Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

23 қаңтар, 09:50

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.