Атырау, 25 қараша 22:39
 ашықВ Атырау -2
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Балық инспекторлары иесіз қалған балық түскен ауларды тәркілеп жатыр

Сурет
668 просмотра

13-20 қаңтар күндері «Жайық-Каспий» облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясына қарасты Атырау балық инспекциясы бөлімі Жайық өзеніне рейд жүргізіп, балық аулау ережесін бұзған 10 тұлғаға айыппұл салынды.

"14 қаңтар күні түнгі сағат  02:20 шамасында Балық шаруашылығы инспекциясы бөлімімен бірлескен жұмыс кезінде Авангард ықшам ауданы тұсынан 2 жеке тұлғаға балық аулау ережесін өрескел бұзғаны үшін ҚР ӘҚБтК-тің 383бабының 3 бөлімі бойынша 2 әкімшілік хаттама толтырылды. Сондай ақ 15 қаңтарда түнгі сағат 23:00 шамасында Жайық өзені мұз астына жасырын салынған 1 иесіз ау құралы шығарылды", делінген хабарламада.

Атырау балық инспекциясы бөлімінің мамандарымен осы апта ішінде балық аулау ережесін бұзған 10 жеке тұлғаға ҚР ӘҚБтК-тің 383 бабының 1 тармағы бойынша 10 дана әкімшілік хаттама жасақтап, Жайық өзені мұз астынан 13 дана жасырын салынған ау құралдары шығарған. Иесіз ау құралдарынан 20,9 келі қара балық тұқымдас балықтары тәркіленіп, "Надежда" ЖШС балық қабылдау мекемесіне тапсырылды.

Одан бөлек 19-20 қаңтар күндері Құрманғазы балық инспекциясы бөлімінің мамандары Қиғаш өзені аймағынан екі адамға әкімшілік хаттама толтырды. Сонымен қатар иесіз 16 дана ау құралы алынып, 20 кг балық тәркіленді.

Нұрбейбіт  НҰҒЫМАНОВ

22 қаңтар, 14:45

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.