Атырау, 27 желтоқсан 00:40
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -4
$ 504.60
€ 594.27
₽ 6.48

АМӨЗ серіктестеріне 2 млрд теңге айыппұл салынды

786 рет қаралды
Көрнекі сурет

Атырау облысының прокуратурасы өңір экономикасын демонополизациялау бойынша дәйекті жұмыс жүргізіп отыр, деп хабарлайды прокуратураның баспасөз қызметі. 

«Joint Technologies» ЖШС-нен «Сұйытылған мұнай газын сақтау паркі» ЖШС (бұдан әрі-Парк) үлесінің 50% сатып алу-сату шарты бойынша ерекше талаптарды бұзғаны үшін бюджетке 1,7 млрд теңге мөлшерінде тұрақсыздық айыбы өндірілді.

Сондай-ақ, бәсекелестікті қорғауды бұзғаны үшін Парк сот қаулысымен ӘҚБтК-нің 159-бабының 3-1-бөлігі бойынша әкімшілік жауаптылыққа тартылып, 324 млн теңге көлемінде айыппұл салынды.

Бұған дейін прокурорлық тексеру нәтижелері бойынша жалпы сомасы 5,7 млрд теңгеге 50% үлес түріндегі мүлік мемлекетке қайтарылған болатын.

22 қаңтар 2024, 10:16

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.