Атырау, 4 мамыр 15:32
 ашықВ Атырау +11
$ 444.14
€ 477.05
₽ 4.85

​«Атырау» ФК Евгений Козловпен қош айтысты

571 просмотра

Түркияның Анталия қаласында облыстық «Атырау» футбол командасының оқу-жаттығу жиындары жалғасып жатыр.

Өкінішке орай, бүгін Анталиядан «мұнайшылардың» өткен маусымдағы үздік бомбардирі, футболшы Евгений КОЗЛОВ командадан кеткені туралы хабар келді. Ол келісімшарт мерзімінің аяқталуына байланысты командадан кетуге мәжбүр болды. Козлов "Атырау" командасында былтырғы қыстан бері ойнап келді. Ол өткен маусымда «жасылдар» сапында 32 ойын өткізіп, сегіз гол соғып, үш нәтижелі пас берді.

Еске салайық, қазан айында, өткен футбол маусымының соңында Нсунгуси ЭФФИОНГ "АЖ" тілшісіне берген сұхбатында командамен қош айтысты, бірақ мүмкіндік болса, кері оралуға уәде берді. Эффионгтың статистикасы: 9 гол соғып, бір нәтижелі пас берді.

1-2 наурыз күндері футболдан ел чемпионатының алғашқы ойындары өтеді. Семейде жергілікті «Елімай» мен «Атырау» арасында матч болады.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

22 қаңтар, 09:16

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.