Атырау қаласы "Авангард" ықшамауданында ер арамдардың арасында жанжал туындап, төбелесіп қалды, деп хабарлайды облыстық полиция департаменті.
1983 және 1994 жылы туған ер адамның арасындағы төбелесте соңғысы дене жарақатынан қаза тапты.
Осы дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 106-бабы 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр. Күдікті қамауда.
Жомарт ӘМІРХАНОВ