Әйелдер колониясының қызметкерлері есірткі беру әрекетін құрықтады.
Облыстық қылмыстық-түзету жүйесі департаментінің баспасөз хатшысы Бақытгүл МАРАБАЕВАНЫҢайтуынша, есірткі үшін 10 жылға сотталған әйелімен кездесуге келген 36 жастағы ер адамнан марихуана салынған пакет алынған. Есірткіні арнайы бөлмеде тексеру кезінде оның іш киімінен тапқан. Есірткінің жалпы салмағы 0,68 грамм құраған. Әрі қарай тергеумен полицейлер айналысуда.
Лев ГУЗИКОВ