20 қаңтар күні сағат 16:30 шамасында республикалық маңызы бар Ақтөбе-Атырау-Астрахань тас жолының 659 шақырымы тұсында маркасы Chevrolet Cobalt автокөлігін басқарған 1992 ж.т. Өзбекстан Республикасының азаматы басқару жүйесін игере алмай, қарсы бағытта келе жатқан маркасы Mercedes Benz Actros жүк көлігіне соғысқан.
Салдарынан Chevrolet Cobalt автокөлігіндегі 1982 жылғы жолаушы қаза тапты. Жолаушы Өзбекстан Республикасының азаматшасы. Зарлап шеккен тағы екі жолаушыға медициналық көмек көрсетілді.
Айта кетейік, автокөлік жүргізушісіне оқиға болар уақытқа дейін патрульдік полиция ротасының қызметкерлері Сарыөзек елді-мекені тұсында ескерту жұмыстарын жүргізген.
Дайындаған Ләззат ҚАРАЖАНОВА