Атырау, 25 қараша 22:44
 ашықВ Атырау -2
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

​Өңір полицейлеріне 29 жаңа автокөлік пен техника табысталды

Бейнежазба
1 257 просмотра

19 қаңтар күні Атырау облысы полиция департаментінде департамент бастығы полиция полковнигі Нұрхат Оразбаев өңірдегі республикалық және жергілікті маңызды тас жолдардағы жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында патрульдік полиция ротасы мен патрульдік полиция қызметкерлеріне су жаңа жиырма тоғыз қызметтік көліктің кілтін салтанатты түрде табыстады, деп хабарлайды облыстық ПД баспасөз қызметі.

Табысталған жаңа жиырма сегіз автокөліктің барлығы «Кибер-шериф» құрылғыларымен жабдықталған. Сонымен қатар, саптық жиында 4 дана әуе дроны, 8 дана «Оракул-Инсайт» мобильді-тасымалды және республикалық маңызы бар тас жолдардағы қауіпті авариялық аумақтарға 15 дана «Трафик-Сканер» стационарлық жылдамдық өлшегіш құралдары табысталды.

«Кибер-шериф» борттық аппараттық кешені Атырау қаласы аумағына және облысымызды қиып өтетін республикалық маңызы бар Атырау-Индер, Сағыз-Миялы, Құлсары-Теңіз тас жолдарында арнайы авто патрульдер қызметін атқаратын болады.  

Аталған жүйе – жол ережесін бұзушы, қауіпті жүргізушілерді дер кезінде анықтауға және автоматты түрде жауапкершілікке тартуға мүмкіндік береді. Бұл-жол апаты жағдайларының санын азайтуға және оның алдын алуға зор үлес қосады. Аталған құрылғының бейнекамерасы 360 градуста көріністі бақылап, бір мезгілде 50 автокөлікті анықтай алады. Сонымен қатар, стационарлық және қозғалыс кезінде жылдамдықты шектен тыс асыру, қарсы бағытқа шығу, көрінбейтін мемлекеттік тіркеу нөмірлерін таққан, ұрланған көліктерді немесе борышкерлердің темір тұлпарын, уәкілетті мемлекеттік органдарымен тиым салынған көлік құралдарын автоматты түрде анықтайды. Анықталған құқық бұзушылық деректері полиция қызметкерлерінің қатысуынсыз, автоматты түрде базаға түсіп, электронды хаттама қаулысы 1 апта ішінде көлік иелерінің мекен жайларына жолданады.

Жаңа толықтырулар қаңтар айының 22-нен бастап 1-ші ақпанға дейін сынақтық режимде жұмыс жасап, 1 ақпаннан бастап толықтай жүйеге енетін болады.


19 қаңтар, 19:35

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.