Атырау, 25 қараша 22:58
 ашықВ Атырау -2
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Жыл ішінде өңірде 747 интернет алаяқтық қылмысы тіркелді

1 009 просмотра

Өткен жылы атыраулықтар интернет-алаяқтарға 400 миллион теңгеге жуық қаражат берген. Бұл туралы облыстық Криминалдық полиция басқармасының кибер қылмысқа қарсы күрес тобының аға жедел уәкілі Асхат Нұрманов мәлім етті, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Оның айтуынша, бүгінде банк саласындағы интернет-алаяқтық бүкіл әлемде таралған. Ғаламтор жүйесінің шекарасы болмауы, қылмыскерді құрықтауға қиындық тудырып отыр.

- 2023 жылы облыс бойынша 747 интернет алаяқтық тіркелді. Тіркелген қылмыстардың 104-і сотқа жіберілді, ал 276 қылмыстық іс өзара келісіммен қысқартылды. Жәбірленушілердің әлеуметтік мәртебесі әртүрлі, арасында бюджет саласының қызметкерлері, мемлекеттік қызметшілер, зейнеткерлер, жеке кәсіпкерлер де бар. Өткен жылы азаматтарға келтірілген жалпы шығын шамамен 400 миллион теңгені құрайды,- деді А.Нұрманов.

Оның айтуы бойынша, ең жиі кездесетін алдау түрі – интернет арқылы «жоқ тауарларды» сату немесе қызмет көрсету кезінде алдын ала төлем алу. Ал екінші орында – банк қызметкерлерінің атынан жасалатын қоңыраулар. Онлайн-қарыздарды ресімдеу арқылы жасалатын қылмыстар саны үшінші орында. Сондықтан, құқық қорғаушылар азаматтарға әрқашан сақ болу қажеттігін, кез-келген қоңыраулар мен хабарламаларға алданып қалау керектігін ескертеді.  

Айта кетейік, былтыр елімізде 4,5 мың интернет алаяқтық қылмысы тіркелген. Сарапшылардың мәліметінше соңғы бес жылда Қазақстанда дәл осы қылмыс саны бес есе өскен.

19 қаңтар, 18:09

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.