Атырау, 25 қараша 23:01
 ашықВ Атырау -2
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Еркінқалада сәбидің сүті кешікті

626 просмотра

Еркінқала ауылдындағы отбасылық амбулаторияда әлеуметтік қолдау шарасы ретінде сәбилерге ай сайын тегін берілетін «Малютка» сүті жоқ деп шағымданды қала тұрғыны. 

"Мен 2023 жылы туған егіздің анасымын. Тұрғылықты мекен жайым бойынша дәрігерлік амбулаториядан балаларыма сүт аламын. Қандай жағдайда маған баланың сүті берілмейді және екі балаға айына қанша грам сүт тегін берілуі тиіс?" - деп сұрады Гүлбаршын ДЮСЕНАЛИЕВА әкімдіктің телеграм каналында.

Еркінқала дәрігерлік амбулаториясы директоры Сағытжан АЙДАРАЛИЕВТІҢ айтуынша, жасына байланысты бір балаға айына "Малютка-2" (1200 грамм)  қоспасының екі қорабы тиесілі. Егіз балаға сәйкесінше екі есесі беріледі. 

"Қазіргі кезде тегін қордан сүт келмеуіне байланысты кешіктіріліп жатыр", - деді С.Айдаралиев, бірақ келетін уақытын нақты айтқан жоқ. 

Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

22 қаңтар, 09:15

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.