...Қазақстанда, атап айтқанда Атырау облысында іске қосылған жаңа жобаға шақырады. Оның мақсаты – сыбайлас жемқорлықпен күрес процесіне азаматтарды жаппай тарту.
Қазақстандықтардың құқықтық сауаттылығын арттыру жобасы «Заң үстемдігі» деп аталады. Республикалық қоғамдық бірлестіктің өзінің adildik.kz сайты мен 1463 колл орталығы бар.
«Заңдар мен ережелер туралы білімді арттыру арқылы бірқатар мәселелерді қылмысқа апармай шешуге болады», - дейді «Әділдік жолы» ЖШС атқарушы директоры Дидар СМАҒҰЛОВ. – Құқық бұзу, пара беру, әлсізге қол көтеру деген ойдың өзі айып саналатын қоғамға айналуымыз керек. Бұл қиын жұмыс, бірақ осы жолмен жүру керек. «Әділдік жолы» ұжымы 2 жыл бойы белсенді жұмыс істеп, бізде құқықтық сауаттылық бойынша олқылықтар бар екеніне іс жүзінде көз жеткізді».
«АЖ» редакциясына берілген баспасөз хабарламасына сүйенсек, қазіргі уақытта бүкіл Қазақстан бойынша бірлестіктің көмегімен әртүрлі заң бұзушылықтар үшін 1206 заң бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылып, айыппұл төлеп, 800 млн теңгеден астам сома көлемінде бюджетке қаражат қайтарылған, 76 қылмыстық іс қозғалып, 8 мыңға жуық өтініш қаралды.
«Заң үстемдігі» жобасына ҚР кез келген азаматы қатыса алады.
Анастасия ШЕРСТЯНКИНА