Атырау облысында 2023 жылы қарақшылық дерегімен жеті оқиға тіркелген.
Полиция департаментінің мәліметінше, бұл қылмыстардың ішінде микроқаржы ұйымы мен букмекерлік лото клубына шабуыл жасады деген күдіктілер тез арада ұсталып, қамауға алынды. Қалған қарақшылық жеке тұлғаларға қатысты жасалған.
Бүгінгі күні Атырауда Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің №66 түзету мекемесінде ҚР ҚК-нің 191-бабы бойынша 33 сотталушы жазасын өтеп жүр: 18 атыраулық, 14 ақтаулық, 1 Жамбыл облысының тұрғындары. Олар 1 жылдан 14 жылға дейін бас бостандығынан айырылған.
Дайындаған Ләззат ҚАРАЖАНОВА