Әлеуметтік желілерде Атырау қаласындағы ғимараттардың бірі «Вагнер» жеке әскери ұйымының ғимараты ретінде белгіленген Google Maps қосымшасының скриншоты таралып жатыр. Бұл шындыққа жанаспайды.
Мәселе мынада, Maps, басқа да қолданбалар сияқты, аймақтың өзекті картасын жасау үшін краудсорсинг үлгісін пайдаланады. Бұл тәсіл кез келген пайдаланушы нысанның атауын өзгерте алады дегенді білдіреді. Мысалы, Wikipedia сияқты, Google Maps-те редакторларға нысандардың атауларына өзгертулер енгізуге мүмкіндік беретін модерация жүйесі бар. Google автоматты жүйелерінің өзі «вандализм» актілерінің көпшілігін сүзгіден өткізеді, бірақ барлық нысанды қорғау мүмкін емес.
Атырау облыстық әкімдігінің баспасөз қызметі біздің қалада мұндай ұйымның жоқтығын растады.
Анастасия ШЕРСТЯНКИНА
Facebook әлеуметтік желісінен алынған сурет