Атырау, 25 қараша 22:41
 ашықВ Атырау -2
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

240 минуттық күйзеліс: Атырау облысында ҰБТ өтіп жатыр

927 просмотра
іnbusiness.kz 

15 қаңтарда елімізде ұлттық бірыңғай тестілеу басталды. 136 мың жас қазақстандық ҰБТ-ға қатысуға өтініш білдірді. Атырау облысында 5 мың 164 адам тест тапсыруға ниет білдірді.

«ҰБТ кезінде компьютер экрандарында калькулятор қолжетімді болады. Химиялық элементтердің периодтық жүйесі (Менделеев кестесі) және тұздардың ерігіштік кестесі, - деді Ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан ЕМЕЛБАЕВ. – ҰБТ-дағы пәндер саны өзгеріссіз қалды – үшеуі міндетті және екеуі таңдау бойынша. Алайда міндетті "Оқу сауаттылығы" мен "Математикалық сауаттылық" пәндерінен тапсырмалар саны бес сұраққа қысқарады. Ал бейіндік пәндердің сұрақтары 40-қа дейін артады. Бейіндік пәндер бойынша тізімнен сәйкестікті анықтауға бес тапсырма қосылатынын атап өткен жөн. Осылайша 2024 жылы ҰБТ-ның тапсырмалар саны өзгеріссіз қалады – 120 сұрақ. Соның ішінде «Қазақстан тарихынан» – 20 тапсырма, «Оқу сауаттылығынан» – 10 тапсырма, «Математикалық сауаттылықтан» – 10 тапсырма, екі бейіндік пәннен – әрқайсысы 40 тапсырмадан. Жоғары балл да өзгермейді – 140 балл. Тестілеу уақыты – 4 сағат (240 минут)».

Атырау облысы білім беру басқармасының баспасөз қызметінің ақпаратынша, ҰБТ төрт жерде: Сафи Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университеті, Халел Досмұхамедов атындағы университет, Инженерлік-гуманитарлық институт және Құлсары қаласындағы М.Сатыбалдиев атындағы №18 орта мектепте өтеді.

Тестілеу 10 ақпанға дейін өтеді. Оған негізінен студенттер мен жазда шекті балл жинай алмағандар қатысады.

Айтпақшы, әркімнің ҰБТ-ны бес рет тапсыруға мүмкіндігі бар.

Анастасия ШЕРСТЯНКИНА

19 қаңтар, 00:14

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.