Атырау, 25 қараша 22:35
 ашықВ Атырау -2
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Аялдама қашан толық орнатылады

965 просмотра

Былтыр күзде аялдаманың қаңқасы орнатылғанымен орындықтары, желден қорғайтын қабырғалары және төбесі әлі күнге дейін жабылмаған. Тұрғындар автобусты ашық-шашық тұған аялдамада күтуге мәжбүр.  

Қазіргі кезде С.Датов көшесінде және Азаттық даңғылындағы "Перетаска", "Торговая база" мен "Маслопром" аялдамаларында 3 аялдаманың тек жақтаулары орнатылған. 

Аялдамалардың шатыры мен қабырғаларының әлі күнге орнатылмай жатқанын қалалық әкімдік кейбір бөлшектері уақытында жеткізілмеуіне байланысты деп мәлімдеді.

-  Мердігер мекеме қаңтар айының соңына дейін барлық аялдамаларды толық іске қосады, - деді Атырау қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының орынбасары Алмас САРСЕНОВ.

Еске сала кетсек, былтыр қала әкімдігі көлік инфрақұрылымын дамыту шеңберінде жүзеге асырылып жатқан Әуезов, Датов, Азаттық көшелерінің автокөлік жолдарын қайта жаңғырту жобасы аясында 27 аялдама орнату қарастырылғанын мәлімдеген болатын. Соның ішінде Азаттық даңғылы бойынша  алты ашық, төрт жабық аялдама орнатылады деп хабарлаған еді. Ал бұрынғы алдамалар қалаға қарасты елді мекендер мен округке беру жоспарланды.  

Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

19 қаңтар, 09:56

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.