Бұған дейін, Мэн және Колорадо штаттарында Дональд Трамп бастапқы сайлау бюллетенінен шығарылған болатын. Жергілікті шенеуніктер АҚШ Конституциясына енгізілген түзетудің 14-тармағына сүйеніп, билікке қарсы көтеріліске қатысушылардың мемлекеттік қызметке сайлануға құқығы жоқ екенін алға тартты. Бұл туралы inbusiness.kz хабарлайды.
17 қаңтар күні Мэн штатының Жоғарғы сот төрешісі Михаэла Мерфи 17 беттік құжатта Мемлекеттік хатшы Шелла Беллоустың Трампты алдын ала дауыс беруден шеттету туралы шешімі осы уақытқа дейін күшінде қалуы керек деп жазды. Дегенмен, әзірге федералды деңгейде штаттың рөлі туралы ешқандай түсініктеме жоқ.
Айта кетейік, Мэн штатындағы алғашқы сайлау 5 наурызда өтеді және ол "супер сейсенбі" деп аталады. Бұл күні шамамен 16 штат пен аумақ дауыс беретін болады.
Сонымен қатар, АҚШ Жоғарғы Сотының сот төрешілері 8 ақпанда Трамптың Колорадодағы осындай іс бойынша апелляциялық шағымын қарауды бастауы қажет. Онда жергілікті Жоғарғы сот экс-президенттің АҚШ көшбасшылығына үміткерлер арасында орны жоқ деп санады.