Франция президенті Эммануэль Макрон Украинаға жаңа әскери қарулар жеткізетіні туралы айтты. Макрон сонымен қатар келесі айда Украинаға барғысы келетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Франция Украинаға «Scalp» қанатты зымырандарының тағы бір партиясын беруге ниетті. Бұл туралы Франция президенті Эммануэль Макрон Елисей сарайында өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді. Макрон Ресейдің Украинада жүргізіп жатқан агрессивті соғысын ел үшін басты қауіп деп атады. «Біз Ресейдің жеңіске жетуіне жол бере алмаймыз», деді Макрон. Ол келесі айда Украинаға сапарын жариялады.
«Біз шамамен 40 Scalp зымыраны мен украиналық достарымыз күтіп отырған бомбаларды жөнелтеміз. Біз сондай-ақ украиналықтарға өте қажет César артиллериялық қондырғыларын қоса алғанда, қаруларды көптеп ұсыну үшін әскери экономика шеңберінде өндірісті ұлғайттық», - деді Макрон.