Атырау, 23 желтоқсан 04:43
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

Балық аулау талабын сақтамағандар айыппұл төлейді

1 006 рет қаралды

Жайық-Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы балық қорын қорғау мақсатында су айдындарында рейдтік іс шаралар жүргізді.

8-12 қаңтар күндері Махамбет аудандық балық инспекциясы бөлімі мамандары Жайық өзенінің бекітілген аумағына рейд жүрді. Балық аулау ережесін бұзған бір тұрғынға ҚР ӘҚБтК-нің 383 бабының 1 тармағымен ("Балық аулау ережесін бұзу") әкімшілік хаттама толтырылды. Сондай-ақ, Жайық өзені мұз айдыны астына құрулы тұрған иесі жоқ 4-дана рұқсат етілмеген ау құралдарын тәркіленді.

Еске сала кетейік, жақында Құрманғазы аудандық балық инспекциясы бөлімі мамандары да балық аулау ережесі талабын сақтамаған 1 азаматқа дәл осындай баппен хаттама толтырып, 18 мың 460 теңге әкімшілік айыппұл өндірген еді.  

Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

Сурет инспекцияның парақшасынан алынды

18 қаңтар 2024, 09:40

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.