Атырау, 25 қыркүйек 16:20
 ашықВ Атырау +15
$ 479.71
€ 533.77
₽ 5.16

Сағыз ауылында 6 адам эвакуацияланды

930 просмотра

16 қаңтар күні сағат 15:13-те №12 өрт сөндіру бөліміне Атырау облысы Қызылқоға ауданы Сағыз ауылының тұрғындарынан адамдар мінген автокөлік ақау салдарынан далада қалып қойғаны туралы хабарлама келіп түсті.

Анықталғандай 6 адам жұмыс орнына жету үшін Сағыз елді мекенінен 40 км қашықтықта орналасқан  «Кереген»  топтық су айдау орнына қарай бағыт алып, орта жолда көліктері бұзылып, салдарынан боранды ауа райында далада қалған. 

Өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері оқиға орнына дереу жетіп, сағат 16:00-де адамдарды қауіпсіз жерге көшірді, медициналық көмек қажет болмады.


Авариялық құтқару жұмыстарына Атырау облысы ТЖД Сағыз селосы №12 ӨСБ-нің 3 қызметкері,  1 бірлік техника, ЖАО 3 адам 1 бірлік техника қатысты. 

Атырау облысының Төтенше жағдайлар департаменті облыс тұрғындары мен қонақтарын ауа райының өзгерісін қадағалауға шақырады.

17 қаңтар, 16:56

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.