Атырау, 25 қараша 22:53
 ашықВ Атырау -2
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Атырауда 2023 жылы 75 жымқыру дерегі тіркелген

Бейнежазба
649 просмотра

15 қаңтар күні Атырау облысы ПД бастығының бірініші орынбасары полиция полковнигі Абдіғани Сейдуалиевтің төрағалығымен Атырау қаласында орналасқан ірі сауда-саттық супермаркеттерінің басшыларымен кездесу өтті, деп хабарлайды полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Кездесудің мақсаты - қоғамдық орындар мен супермаркеттерде жасалатын қылмыстық құқық бұзушылықтардың алдын-алу, оларды болдырмау. Мәселен, өткен жылы қоғамдық орындарда әртүрлі 693 қылмыс дерегі тіркелсе, оның ішіндегі 76 қылмыс супермаркеттерде орын алған.

Тіркелген қылмыстардың ішінде Жедел басқару орталығының 102 арнасына 75 хабарлама түскен. Оның ішінде, ұсақ-түйек жымқыру - 63, ұрлық - 12 және тонау дерегі бойынша - 1 қылмыс тіркелген. Сондай-ақ кездесуде мұндай қылмыстардың жолын кесу үшін қауіпсіздік шараларын күшейту мәселесі талқыланды.

Дайындаған Жомарт ӘМІРХАНОВ


17 қаңтар, 13:31

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.