Атырау, 25 қараша 22:46
 ашықВ Атырау -2
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Қазақтың тұңғыш баскетболшысы туралы кітап жарық көрді

857 просмотра

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінде танымал баскетболшы Әлжан ЖАРМҰХАМЕДОВТІҢ өмірі мен қызетіне арналған "Әлжан" атты кітабының тұсаукесер рәсімі өтті. Шараға Атырау қаласының ғана емес, Қазақстанның түкпір-түкпірінен спорт қайраткерлері қатысты.

Кітаптың авторлары Еркін ТӨЛЕГЕНОВ пен Қабибек МҰХИТОВ атақты баскетболшы, Олимпиада чемпионы атанған тұңғыш қазақ Әлжан Мүсірбекұлы Жармұхамедовтің өмірін баяндайды.

Ол 1972 жылғы Мюнхенде өткен Олимпиадада КСРО құрамында топ жарып, чемпион атанды. Спортшы 3 дүркін Еуропа чемпионы, 2 дүркін әлем чемпионатының жүлдегері, КСРО-ның 10 дүркін чемпионы.

Кезінде саңлақ спортшы "ұлты қазақ, кіші жүз - Жаппас руынан"  екенін айтып жүрсе де өзбек халқына таңылып, шығу тегі дау тудырып келді. Сол себепті, қазақтан шыққан тұңғыш олимпиада чемпионы ретінде Жақсылық ҮШКЕМПІРОВ айтылатын.

Кітаптың тұсаукесер іс-шарасына қатысқан АГУ ректоры Саламат ИДРИСОВ, ҚР баскетбол федерациясының президенті Абай АЛПАМЫСОВ, «Атырау Барыстары» кәсіби клубының директоры Болат МҰХАМБЕТҚАЛИЕВ, Атырау облыстық таэквондо федерациясының президенті Адамзат БАҚИ, сала ардагерлері Бақытжан РАХБИЕВ, Аманқос МАКЕЕВ, спорт жанкүйерлері Серік САПАНОВ, Ибатолла СӘТЕНҰЛЫ, Шахман НАҒИМОВТАР авторларды құттықтап, кітап жөнінде ойларын айтып, ұсыныс-пікірлерімен бөлісті.

Алма ҚАЛУСАРИЕВА

Сурет пен видео әлеуметтік желіден алынды

17 қаңтар, 15:45

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.