2023 жылы Атырау облысында Бірыңғай индустрияландыру картасы аясында жалпы құны 14,9 млрд теңгені құрайтын үш жобаны іске қосу жоспарланған болатын. Алайда бұл жобалар іске қосылмай, қаржы мәселесіне байланысты осы жылға қалдырылды.
Брифингте іске қосу жоспарлары туралы Атырау облысы индустриялық-инновациялық даму басқармасы басшысының м.а. Ризабек МҰСАҒАЛИЕВ өткен жылдың басында мәлім еткен еді. Үш жоба бойынша 207 жұмыс орны ашылады деп жоспарланды.
Бірінші жоба – «Ультрастаб-Қазақстан» ЖШС-нің тоқыма геотекстиль өндіру цехы (құны 2 млрд теңге, 67 жұмыс орны);
екіншісі – «РГК-Каспий» ЖШС-нің экструзивті геосинтетика өндіру цехы (3 млрд теңге, 61 жұмыс орны);
үшіншісі – ет өндіру бағытындағы «Atyrau Chicken» ЖШС құс фабрикасы (9,9 млрд теңге, 79 жұмыс орны).
Айнұр САПАРОВА