Атырау, 24 желтоқсан 23:55
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 523.72
€ 544.09
₽ 5.20

«Шомылу рәсімі» арнайы дайындалған жеті жерде өтеді

962 просмотра

Қаңтардың 18-нен 19-на қараған түні аймақтағы православ христиандары басты діни мерекелердің бірі – «Шомылу рәсімі» мерекесін атап өтеді. Бұл туралы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары подполковник Руслан Шариев баспасөз брифингінде мәлім етті, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Атырау облысы аумағында 18-нен 19 қаңтарға қараған түні сағат 23:00-ден 03:00-ге дейін, сондай-ақ 19 қаңтар күні 10:00-ден 23:00-дейін бірқатар мекенжай бойынша арнайы белгіленген жеті жерден суға түсу орны анықталды. Олар қаладағы «Орал» мейрамханасының маңы мен Тұрғындар қалашығы жағажайы және Ғазиза Жұбанова (бұрынғы Мечников) көпірінің тұсы. Сонымен қатар Құлсары қаласындағы Береке шағын ауданындағы Қамыскөл өзені маңы, Махамбет ауылындағы бұрынғы саябақ ауданы маңындағы өзен үсті және Құрманғазы ауылындағы Шарон өзені мен Индердербор кентінің бұрынғы құтқару станциясының маңындағы Жайық өзенінің аумағы. 

Сондай-ақ Р.Шариев Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің 85 құтқарушысы мен қызметкерлері шомылу кезінде азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететінін атап өтті. Сонымен қатар шомылушыларды суға түсу кезіндегі ережелерді сақтауға шақырды.

- Құтқарушылардың, дәрігерлер мен полицейлердің бақылауымен арнайы жабдықталған ойықтарда ғана шомылу керек. Қысқы шомылу рәсімі кезінде бүйрек ауруы бар, жүрек-қан тамырлары аурулары бар, қан қысымы жоғары, қант диабетімен ауыратын және жүкті әйелдерге шомылуға тыйым салынады. Сонымен қатар «Шомылу рәсімінен» өтер алдында алкогольді сусындарды қабылдамаған абзал. Жасөспірімдер, әсіресе кішкентай балалардың қауіпсіздігі маңызды. Сол себепті ата-аналарға балаларын көзден таса қылмай, барынша өз жанында ұстаған дұрыс. Сондай-ақ тұрғындарға тағы бір айтарымыз – өз мүмкіндіктеріңізді және денсаулық жағдайларыңызды бағалаңыздар, - деді Р.Шариев.

Дайындаған Жомарт ӘМІРХАНОВ

16 қаңтар, 22:13

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.