16 қаңтарда сағат 14:50–де CALL орталығына Қ. Сәтпаев көшесінің бойында орналасқан тез тағам дайындайтын дүңгіршектердің бірінде түтін шыққаны туралы шақырту түсті, деп хабарлайды облыстық ТЖД.
Өрт сөндіру бөлімшесі дереу оқиға орнана жетіп, өртті сағат 15:11-де өшірді. Өрт салдарынан жалпы ауданы 32 шаршы метр болатын тез тағам дайындайтын дүңгіршектің ішкі қаптамасы жанып кетті. Зардап шеккендер жоқ. Өртті сөндіруге Атырау облысы ТЖД 11 қызметкері мен 2 бірлік техника, «Апаттар медицинасы орталығы» ММ 3 қызметкері мен 1 бірлік техникасы жұмылдырылды.
Атырау облысы ТЖД өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауға шақырады.
Дайындаған Жомарт ӘМІРХАНОВ