Атырау, 23 қараша 09:18
 ашықВ Атырау +5
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Нью-Йоркте мигранттар үшін коменданттық сағат енгізілді

351 просмотра
фото: freepik.com

Нью-Йорк  қаласында 2000 мигрант үшін коменданттық сағат енгізілгені белгілі болды. Оған елдегі қайыр сұрау туралы шағымдар себеп болған. Бұл туралы inbusiness.kz сайты ABC7NY телеарнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Мұндай шешім пана іздеушілердің қайыр сұрауына байланысты шағымдарынан кейін қабылданды.

Шектеу Квинс, Манхэттен және Бруклин қалаларында жүрген мигранттарға қатысты болмақ.

Айта кету керек, мигранттар 23:00-ден 06:00-ге дейін қаланың ішінде  болуы қажет. Сонымен қатар, Нью-Йорк билігі мигранттардың қаладағы түнгі қозғалысын шектеуді жоспарлап отырғанын мәлімдеді.

Тәртіп бұзушылар, сондай-ақ орталықтардан тыс жерде 30 күн ішінде үш рет байқалғандар елден шығарылуы мүмкін.

16 қаңтар, 17:31

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.