Әсел Ауданбаева ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасының кеңесшісі болып тағайындалды, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.
Әсел Ауданбаева 1990 жылы дүниеге келген, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін филология мамандығы бойынша бітірген.
Осы жылдары «Қазақстан», КТК, «Хабар 24», ТДК-42 телеарналарында тілші болып қызмет атқарған. Сондай-ақ, Azattyq Ruhy, ҚазАқпарат ақпараттық порталдарында жұмыс істеді.
2021-2022 жылдары Маңғыстау облысының қоғамдық коммуникациялар орталығын басқарды. 2022 жылы Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде жетекші маман болды.
АЗРК төрағасының кеңесшісі болып тағайындалғанға дейін Атырау облысы әкімінің баспасөз хатшысы-баспасөз қызметінің жетекшісі қызметін атқарды.