Атырау, 16 қаңтар 00:27
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -8
$ 510.95
€ 594.49
₽ 6.50

Құрманғазы ауданында 5 балықшы жазаланды

837 рет қаралды

2024 жылдың 10-11 қаңтарында «Жайық-Каспий» облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының қызметкерлері Атырау облысы Құрманғазы ауданындағы Қиғаш және Шарон өзендерінде балық қорғау жұмыстарын жүргізді.

Инспекторлардың жұмысы барысында мұздың жұқалығына қарамастан балық аулау ережесін бұзған 5 азамат анықталды. Балықшылардан тыйым салынған қолдан жасалған балық аулау құралдары – 3 аулау құралы («телевизор»), сондай-ақ балықты жарақаттаушы 1 қармақ тәркіленді. Сонымен қатар, 4 келі мөңке балығы тәркіленді.

Жомарт ӘМІРХАНОВ

15 қаңтар 2024, 18:15

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.