Атырау, 26 қараша 01:25
 ашықВ Атырау -1
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Бейнежазба Атырау тұрғынын ақтап алды

661 просмотра

Атырау қаласының әкімшілік құқық бұзушылық істер жөніндегі мамандандырылған сотында ҚР ӘҚБтК-нің екі бабы бойынша азамат М.-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы біріктірілген іс қаралды, деп хабарлайды соттың баспасөз қызметі.

Сот анықтағандай, 2024 жылғы 4 қаңтарда М.-ға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігімен («Ұсақ бұзақылық»), яғни қоғамдық орында бұзақылық жасау дерегі бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылған. Сондай-ақ, М.-ға қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 73-2-бабының 1-бөлігі ("Ұрып-соғу") бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасалған.

Бейнежазбаны қарау кезінде М.-ның жәбірленушіге қатысты әдепсіз сөздер айтпағаны және жәбірленушіге қол көтермегені анықталды. Сот қаулысымен М.-ға қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы 434-баптың 1-бөлігі, 73-2-баптың 1-бөлігі бойынша іс жүргізу оның іс-әрекетінде әкімшілік құқық бұзушылық құрамының болмауына байланысты тоқтатылды.

15 қаңтар, 17:40

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.