Атырау, 26 қараша 01:39
 ашықВ Атырау -1
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Су тасқынын алдын алу жөнінде

688 просмотра

Көктемгі су тасқының алдын алу мақсатында ТЖД мамандары Қызылқоға ауданы, Сағыз, Миялы елді мекендерінің су басуға бейім аумақтарына көру-шолу жұмыстарын жүргізді.

Шолу барысында мамандар Сағыз, Ноғайты өзендерінің су тасқынына қарсы бөгеттерінің қазіргі күйімен, «Ералы» су торабының күнделікті жұмыс барысымен танысты. Нәтижесінде Ойыл өзенінің Жарыпшыққан өзегіндегі бетонды өткелдің құрылыс жұмыстарын  су тасқыны мезгіліне дейін уақытылы бітіру, Сағыз ауылы тұсында орналасқан республикалық маңызы бар «Атырау-Ақтөбе» тас жолының бойындағы көпірдің су өтетін тұстарын кеңейту және арнасын тазарту туралы Қызылқоға ауданы әкімдігіне тапсырма берілді. Ойыл өзені бойындағы «Құмөткел» учаскесі тұсына қосымша топырақ  және  бетонды плита төсеу қажеттігі де айтылды.

- Қазгидромет» АФ РМК-нің 2024 жылдың қаңтар айына арналған болжамын ескере отырып, су тасқынынан тұрғындарды, елді-мекендер мен объектілерді қорғау мақсатында, су тасқынына қарсы кешенді іс-шараларды жеделдету қажеттігі ескертілді, - деп хабарлады төтенше жағдайлардың алдын алу бөлімі.

Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

15 қаңтар, 18:12

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.