Атырау, 26 қараша 01:50
 ашықВ Атырау -1
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Атырауда 752 кг наггетс жойылды

Сурет
649 просмотра

Атырау қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасына Атырау қаласы аумағындағы көтерме азық-түлік қоймасына қатысты қала тұрғынынан арыз келіп түсіп, жоспардан тыс тексеріс тағайындалды.

Тексеру барысында көтерме азық-түлік қоймасынан Ресей Федерациясы, Тула облысында тіркелген «Компас Фуд» ЖШҚ өндірушісінің «Дәстүрлі наггетстер» жартылай дайын өнімінің жарамдылық мерзімі өткені анықталды. Осы өнімінің қоймада қалған 752 келісін тамақ өнімдерін кәдеге жарату және жою ережесіне сәйкес жою туралы санитариялық-эпидемиологиялық нұсқама берілді.  


2024 жылдың 10 қаңтарында Атырау қалалық  санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы, Атырау қалалық ветеринариялық инспекция мамандары және кәсіпкерлік субъектісінің сенімді өкілінің қатысуымен адамның өмірімен денсаулығына және жануарларға, қоршаған ортаға қауіп төндіретін тамақ өнімдерін  жою комиссиясының шешімі негізінде «West Dala» ЖШС мекемесіндегі инсенераторлық пешінде өртеу тәсілімен барлық өнім өртеу тәсілімен жойылды.

 Дайындаған Жомарт ӘМІРХАНОВ

15 қаңтар, 13:39

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.