"Ресейдің Новосибирск қаласында көпқабатты ондаған үй қыс ортасында төрт күннен бері жылусыз отыр" деп хабарлайды Сибирь.Реалии. Температура далада күндіз -15, түнде -20 градусты көрсеткен, деп жазады Азаттық радиосы.
1974 жылы салынған, пайдалану мерзімі 20 жыл бұрын біткен жылу құбыры жарылған. 11 қаңтарда "құбыр жөнделді" деген ақпарат тарағынмен, көптеген үйге әлі күнге жылу жетпеген.
"Пәтерімізде температура 14 градус болып тұр. Қайда хабарлассақ та мардымды жауап бермейді", – дейді тұрғындардың бірі "Сибирь.Реалииге".
Былтыр Қазақстанның да бірнеше қаласында құбыр жарылып, ондаған үй қыс кезнде жылусыз қалған еді. Ресми орындар "жылу қазандықтарының тозғанын" мәлімдеген болатын.