Атырау, 25 қыркүйек 18:21
 ашықВ Атырау +9
$ 479.71
€ 533.77
₽ 5.16

Атырау мен облыста қандай нысандарды салу және пайдалануға беру жоспарланған

1 105 просмотра
freepik.com

Қала мен өңірдегі әлеуметтік нысандар туралы «АЖ» сауалына Атырау облысы Құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы жауап берді. Басқарманың мәліметінше 2024 жылы облыста білім беру, денсаулық және спорт саласы бойынша 35 түрлі нысанның құрылысын аяқтау  жоспарланған.

Білім беру саласы бойынша

Атырау қаласы Ақжар-2 ауылындағы 600 орындық мектеп        

Исатай ауданы Аққыстау селосындағы 250 орындық өнер мектебінің құрылысы           

Атырау қаласы Жұлдыз-3 шағын ауданында 900 орындық мектептің құрылысын салу (Жайлы мектеп)           

Атырау қаласы Жұлдыз-2 шағын ауданында 900 орындық мектептің құрылысын салу (Жайлы мектеп)           

Атырау қаласы Ақсай-2 ауылында 900 орындық мектептің құрылысын салу (Жайлы мектеп)          

Атырау қаласы Водниково ауылында 1200 орындық мектептің құрылысын салу (Жайлы мектеп)        

Жылыой ауданы Құлсары қаласы Атырау шағын ауданында 1200 орындық мектептің құрылысын салу (Жайлы мектеп)         

Құрманғазы ауданы Құрманғазы ауылында 600 орындық мектептің құрылысын салу (Жайлы мектеп)           

Құрманғазы ауданы Ақкөл ауылында 600 орындық мектептің құрылысын салу (Жайлы мектеп)        

Атырау қаласы Сарыөзек ауылында 300 орындық мектептің құрылысын салу (Жайлы мектеп)        

Атырау қаласы Береке ауылында 1200 орындық мектептің құрылысын салу (Жайлы мектеп)          

Атырау қаласы Бесікті селосынан 280 орындық бала бақша құрылысы

Сондай ақ 2024 жылы жаңадан 22 әлеуметтік нысанның құрылысы басталады: Мақат ауданы Мақат кентіндегі №2 бастауыш мектепке 250 орындық жапсаржай құрылысы.


Денсаулық сақтау саласында 

Исатай ауданы Аққыстау селосы Өркен м/а ФАП

Құрманғазы ауданы Сүйіндік ауылындағы 25 келушіге арналған дәрігерлік амбулатория құрылысы

Құрманғазы ауданы Балқұдық ауылындағы жанұялық дәрігерлік құрылысы

Атырау қаласы Жұлдыз ықшам ауданындағы 25 келушіге арналған дәрігерлік амбулатория құрылысы

Атырау қаласы Аманкелді селосындағы 25 келушіге арналған дәрігерлік амбулатория құрылысы

Құрманғазы ауданы Құрманғазы ауылындағы ауысымына 250 келушіге арналған аудандық емхана мен 75 орындық Құрманғазы аудандық ауруханасы ғимаратына өткел құрылысы

Индер ауданы, Есбол ауылында дәргерлік амбулатория

Исатай ауданы, Жасқайрат ауылында медициналық пункт

Құрманғазы ауданы, Кудряшев ауылында фельдшерлік-акушерлік пункт

Құрманғазы ауданы, Арна ауылында фельдшерлік-акушерлік пункт

Құрманғазы ауданы, Көптоғай ауылында фельдшерлік-акушерлік пункт

Құрманғазы ауданы, Дыңғызыл ауылында фельдшерлік-акушерлік пункт

Құрманғазы ауданы, Жамбыл ауылында фельдшерлік-акушерлік пункт

Құрманғазы ауданы, Афанасьева ауылында медициналық пункт құрылысын салу үшін ЖСҚ байламы

Құрманғазы ауданы, Азғыр ауылында медициналық пункт

Құрманғазы ауданы, Қоңыр терек ауылында медициналық пункт

Құрманғазы ауданы, Жасталап ауылында медициналық пункт

Құрманғазы ауданы, Батырбек ауылында медициналық пункт

Құрманғазы ауданы, Жалғызапан ауылында медициналық пункт

Қызылқоға ауданы, Жамансор ауылында медициналық пункт

Қызылқоға ауданы, Жантерек ауылында медициналық пункт

 

Спорт саласында

Химпоселек ықшам ауданында көпсалалы спорт кешенінің құрылысы

«Бірлік» шағынауданында көпсалалы спорткешенінің құрылысы

Мақат ауданы Мақат кентінде бассейннің құрылысы

Атырау қаласы Жаңаталап селосында дене шынықтыру сауықтыру кешенінің құрылысын салу.

Келесі денсаулық сақтау нысандарының құрылысы аяқталып, пайдалануға беріледі:

Қызылқоға ауданы, Мұқыр ауылында дәрігерлік амбулатория

Индер ауданы, Есбол ауылында дәргерлік амбулатория құрылысын салу

Исатай ауданы, Жасқайрат ауылында медициналық пункт

Құрманғазы ауданы, Кудряшев ауылында фельдшерлік-акушерлік пункт

Құрманғазы ауданы, Арна ауылында фельдшерлік-акушерлік пункт

Құрманғазы ауданы, Көптоғай ауылында фельдшерлік-акушерлік пункт

Құрманғазы ауданы, Дыңғызыл ауылында фельдшерлік-акушерлік пункт

Құрманғазы ауданы, Жамбыл ауылында фельдшерлік-акушерлік пункт

Құрманғазы ауданы, Афанасьева ауылында медициналық пункт

Құрманғазы ауданы, Азғыр ауылында медициналық пункт

Құрманғазы ауданы, Қоңыр терек ауылында медициналық пункт

Құрманғазы ауданы, Жасталап ауылында медициналық пункт

Құрманғазы ауданы, Батырбек ауылында медициналық пункт

Құрманғазы ауданы, Жалғызапан ауылында медициналық пункт

Қызылқоға ауданы, Жамансор ауылында медициналық пункт Қызылқоға ауданы, Жантерек ауылында медициналық пункт

Атырау қаласы, Алмалы ауылында 25 орындық дәрігерлік амбулатория

Атырау қаласы, Владимирский көшесі, 2 мекенжайында орналасқан Атырау облыстық онкологиялық диспансер жанындағы радиологиялық корпус салу» (сыртқы инженерлік желілерсіз)

Атырау қаласында қолданыстағы ғимараты бұзумен қоса 150 орындық онкологиялық диспансер

Айта кетейік, мәдениет саласы бойынша қазіргі таңда Құрманғазы, Қызылқоға, Махамбет, Исатай, Жылыой аудандарында барлығы тоғыз мәдениет үйінің құрылысы жүріп жатыр. Атап айтсақ, Құрманғазы ауданындағы Азғыр ауылындағы 100 орындық, Көптоғай ауылдық округіндегі және Бірлік, Бөкейхан ауылдарындағы 300 орындық мәдениет үйі. Сонымен қатар Қызылқоға ауданындағы Мұқыр ауылында 400 орындық, Қарабау ауылында және Исатай ауданындағы Нарын ауылында 300 орындық, Махамбет ауданындағы Сарытоғай ауылы мен Жылыой ауданындағы Тұрғызба ауылында 200 орындық мәдениет үйінің құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Мәдениет саласы бойынша жүріп жатқан құрылыстар 2025 жылға қарай аяқталады деп күтілуде.

Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

15 қаңтар, 20:30

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.