2024 жылы 11 қаңтарда сағат 12:07 Мақат ауданында №8 Өрт сөндіру бөлімінің байланыс бекетіне азамат Ж.–дан Мақат ауданы Мақат кентінен Белқұдық елді мекеніне бағыт алған туысқандарының жолда қар құрсауында батып қалғаны жөнінде хабарлама түсті, деп хабарлайды облыстық ТЖД.
Іздестіру-құтқару жұмыстарына Мақат ауданы ТЖБ № 8 Өрт сөндіру бөлімінің құтқарушылары дереу кірісті.
Шақырту орнына жеткен кезде, Мақат ауданы, Мақат кентінен 25 шақырым жерде, Белқұдық елді мекені тұсында 1956 ж.т. және 1969 ж.т. ер азаматтардың «Toyota» маркалы автокөліктерімен жолдың жанында батып қалғаны анықталды.
Өрт сөндіруші-құтқарушылар жедел авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізіп, батып қалған автокөлікті шығарып, азаматтарды қауіпсіз жерге эвакуациялады. Авариялық-құтқару жұмыстарына №8 ӨСБ 5 қызметкері, 1 техникасы және туысқаны жұмылдырылды.
Атырау облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты облыс тұрғындарының назарына күнделікті ауа райының болжамдары СМС-хабарлама, Дармен қосымшасы арқылы жолданып отыр. Алайда, ауа райының нашарлауына қарамастан тұрғындар өздеріне қауіп төндіріп, жолға шығу жағдайлары жиілеп кетті.
2024 жылғы 7-10 қаңтар аралығында Атырау облысы бойынша құтқарушылар елді-мекен жолдарында қалып қойған 15 адамды (оның ішінде 2 бала) құтқарып, 5 техниканы (жеңіл автокөліктер) қауіпсіз жерге жеткізді.
Құрметті тұрғындар! Осы аптаның соңына дейін Атырау облысы аумағында қолайсыз ауа райы (желдің күшеюі, қар) күтілуде.