Атырау, 4 мамыр 18:22
 ашықВ Атырау +7
$ 444.14
€ 477.05
₽ 4.85

41433 әскери бөлімінде қоян-қолтық ұрыстан біріншілік өтті

Сурет
535 просмотра

«Батыс» өңірлік қолбасшылығы спорт залында 41433 әскери бөлімінің әскери қызметшілері арасында барлық салмақ дәрежесі бойынша қоян-қолтық ұрыстан чемпионат өтті.

Турнирге қызығушылық танытқан барлық әскери қызметкер-спортшылар қатысты. Әр салмақ дәрежесі бойынша жүлделі орындар беріліп, ең көп орын алған бөлімшеге салтанатты жағдайда бөлім командирінің сайыс кубогы табыс етілді.

«Әскери қызметкерлердің шеберлік деңгейі өсіп, қатысушылардың құрамы жаңартылуда, соған сәйкес жарыстар да жыл сайын қызықты әрі техникалық сипатқа ие болуда. Жекпе-жек әскери қызметкерлерді салауатты бәсекеге, моральдық пен адалдыққа үйретеді», - деп атап өтті дене шынықтыру және спорт қызметінің бастығы, капитан Абдулла ӨМІРЗАҚОВ.

Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

15 қаңтар, 17:55

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.