"Ман Юнайтед" және "Тоттенхэм" шайқасы - АПЛ-дың 21-ші турының басты аттракционы. Жанкүйерлер одан жарқын эмоциялар мен әзіл-қалжыңның жаңа себептерін алады. Матчтан не күтуге болатынын Parimatch сарапшыларынан сұрап білейік.
“Манчестер Юнайтед”
Ойын нәтижесін болжап білуге болмайды - бұл "қызыл сайтандардың" осы маусымдағы негізгі ұстанымы. Барлық сындарға қарамастан, тен Хаг бандасы осы күнге дейін үздік-клубқа ұқсайды: "Челсиге" үстемдігі (2:0) және "Астон Вилламен" жарқын камбэк (3:2) бұған мысал. Бірақ мәселе бар, мұндай ойындар "Борнмутқа" (0:3) және "Ноттингем Форестке" (1:2) қарсы ақ жалаумен ауысады. Маусым емес, барып тұрған тұрақсыздық.
Сондай – ақ, "қызыл сайтандар" бір ерекшелікке ие болды - олар матчтың жартысына дейін жақсы ойын береді. "Тоттенхэммен" қонақ алаңында: "МЮ" бірінші таймды жақсы өткізді, бірақ екіншісінде ол әлсіреп қалғандай (0: 2) көрінді. Parimatch сарапшылары бұл жолы "Юнайтед" үзілістен кейін көшбасшылықты өз қолына алады деп санап, екінші тайм тен Хаг пен компанияның қанжығасына байланады деген нұсқасына 2.44 коэффициентін ұсынған.
“Тоттенхэм”
Ал "шпорлар" болса, тұрақтылыққа қол жеткізді. Мықты бастамадан кейін біраз шалынысып қалып, лондондықтар Премьер-лиганың соңғы 5 матчының 4-уінде жеңіске жетіп ілгеріледі, тек "Брайтонға" (2:4) үстемдік ете алмады. Постекоглудың қысым көрсетуі жұмыс жасай бастағандай, дегенмен "Тоттенхэм" үздіктердің төрттігіне кіре алмады: "Арсеналды" заңды орнынан ығыстыра алмай отыр.
"Шпорлардың" сүйікті уақыты-1-ші тайм. АПЛ-дың соңғы 10 матчында Постекоглу командасы үзіліске дейін 9 рет гол соқты ("Ман Ситимен" матчта Сон Хын Мин 9-минутқа дейін екі команданың қақпасына да гол соғып үлгерді). Бұл жолы сарапшылар 1-ші таймда "Тоттенхэм" гол соғады деп күту керектігіне сенімді, ал оның коэффициенті 1.92-ге тең.
Аналитика мен болжам
"МЮ"-дің өткен матчы есеп бойынша да, ойын бойынша да сәтсіздікке ұшырады. Бірақ жанр заңдарына сәйкес, "сайтандар" мықты қарсыласқа барлық күш-жігерін жинап, лайықты тойтарыс береді. Ия, бұл шайқастан гол күтуге тұрарлық: АПЛ-дағы екі команданың соңғы 5 матчының орташа жиынтығы 3.3-ке тең. Осы жерден "Ман Юнайтедтің" нәтижесі жеңілмейді / жалпы ойын 3.5 - тен артық" нұсқасы фантастика емес. Және оған өте тартымды 3.00 коэффициенті ұсынылған.