Атырау, 23 қараша 09:07
 ашықВ Атырау +5
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Швеция өз халқын соғысқа дайын болуға шақырды

1 202 просмотра

Швед халқы азаматтық және әскери қорғаныс басшыларының елдің соғысқа дайын отыру керек деген мәлімдемелеріне әрі таңырқай, әрі тосырқай қарады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі bbc.com-ға сілтеме жасап хабарлайды.

Шведтіктер бұл мәлімдемеде тікелей Ресей туралы айтылмаса да, болжамдарының осыған саятынын айтады. Елдің азаматтық қорғаныс министрі Карл-Оскар Болен өткен демалыста болған Қауіпсіздік конференциясында соғыс болуы ықтимал екенін жасырмады.

Министрдің сөзін Швецияның қарулы күштерінің бас қолбасшысы генерал Микаэль Бюден де қолдады. Алайда мемлекеттің оппозициялық тобы оларды халық арасында бос дүрбелең тудырып жатқанын айтады. Дегенмен, олар елдегі қауіпсіздік жағдайдың жай-күйі нашарлап кеткенін де мойындап отыр.

Бас қолбасшы Микаэль Бюден Еуропада болып жатқан соғысқа қатты алаңдаудың қажеті жоқ дейді. Ол бір ай бұрын Украинаға барып, шығыс майданды барлап қайтты.

Айта кетейік, Швеция украиналық ұшқыштарды оқытатын елдер тобына кіреді. Сонымен қатар Стокгольм Киевке Gripen жауынгерлерін жіберуді жоспарлап отыр. 

"Менің мақсатым – елді уайымға салмау, менің мақсатым – қазір әлемде болып жатқан жағдайды халық назарда ұстап, өз қауіпсіздіктерін ойлауы", – деп жазады қорғаныс басшысы.

Азаматтық қорғаныс министрі Карл-Оскар Болен де оның сөзіне қосылатынын және елдің әрқашан қаперде жүргендері жөн екенін айтады.

Карл-Оскар Болен жергілікті билік пен төтенше жағдайлар жөніндегі мамандарға азаматтық қорғаныс саласын бақылауда ұстау керектігін мәлімдеді.

Оның пікірінше, ол жергілікті билік пен төтенше жағдайлар жөніндегі мамандарға азаматтық қорғаныс саласын оқиғалардың ықтимал дамуына барынша дайындау үшін жүгінді. Оның айтуынша, ол елдегі белгілі бір механизмдердің қалай жұмыс істейтініне алаңдайды.

 

“Соғыс” туралы қорқыныш қайдан шықты?

Швеция 200 жылдан бері соғысқа қатыспаған. Шведтіктер таяу арада НАТО-ның құрамына кіруге ниеттеніп отыр. Алайда Түркия мен Венгрия парламенттері мүшелерінің альянсы келісімді ратификациялағаннан кейін ғана құрамға қосыла алады.

Бұған дейін Финляндия НАТО-ға қосылды. Бірақ, бұл қадамға ресейліктер теріс жауап берді. Олардың сөзінше, Ресей мен НАТО арақатынасы шиелініссе, Финляндия алғашқы болып зардап шегетінін ескертті.

Швецияның Финляндиядан айырмашылығы Ресеймен ортақ шекарасы жоқ. Десе де, кейінгі жылдары Швеция билігі ресейлік сүңгуірлердің олардың аумақтық суларына енуі мүмкін екенін бірнеше рет мәлімдеген еді. Сонымен қатар шведтіктер Солтүстік және Балтық теңіздеріндегі кабельдер мен газ құбырларының зақымдануының жиілеп кеткен жағдайларын тергеуге қатысады. Әрине, күдікке Ресей тарапы алынып отыр.


Фото: bbc.com

Украина президенті Владимир Зеленский Ресейдің өзіне жақын барлық елге қауіп төндіретінін жиі ескерткен болатын. Сонымен бірге Зеленский Қауіпсіздік конференциясына қатысып, Стокгольм мен Украина және басқа да елдердің "бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып" ынтымақтасу керектігін баса айтты.

 

Швецияның реакциясы

Өткен жылдың желтоқсанында Польшаның Ұлттық қауіпсіздік бюросының (BBN) басшысы Яцек Севера Ресеймен қақтығысқа дайындалу қажеттілігі туралы айтты.

Оның айтуынша, бұған дейін Германияның Халықаралық қатынастар кеңесінің баяндамасында айтылғандай, НАТО-ның шығыс қапталындағы елдерге алды жылдық дайындықтың қажеті жоқтығы, керісінше, үш жыл ішінде қарсыласуға дайын болу керектігін айтады.

Шведтердің алаңдаушылығын әртүрлі ұйымдардың сенім телефондарына қоңырау шалу санының күрт өсуімен бағалауға болады.

Атап айтқанда, Bris балалар құқығын қорғау ұйымы оның ұлттық сенім желісіне жасөспірімдер мен жастардан жағдайды нақтылауды сұрайтын көптеген қоңырау келіп түскен.

Bris өкілі Майя Даль балалардың құқықтарын қорғау ұйымына соғыс тақырыбындағы қоңыраулар бұрын-соңды болмаған жағдай екенін айтты.

"Уақыт тығыз. Швецияның қарулы күштері сауатты болғанымен, әскердің саны көңіл көншітпейді. Қорғаныс туралы соңғы заң жобасында 3,5 бригада құру ұсынылды. Ал Украинда соғыс басталғанға дейін мұндай бригадалар саны 28 болған", – деді қорғаныс министрі.

Оның пікірінше, Ресей мен Швеция арасындағы соғыс үш жағдайда басталып кетуі мүмкін деген болжам бар. 
1.Украинадағы соғыс аяқталуға жақын немесе аяқталды
2.Ресей армиясының қалпына келуге, қайта қарулануға уақыты мен мүмкіндігі бар
3.Еуропа АҚШ-тың әскери қолдауын жоғалтады.
Сарапшы үш тармақта айтылған болжамның іске асуы екіталай дейді. Жақында премьер-министр Ульф Кристерссон Швеция 2024 жылы НАТО-ның елдің ІЖӨнің  2%-ын әскери қорғанысқа жұмыс керектігін айтты.

12 қаңтар, 15:45

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.